Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі

18.10.2024

Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның аса маңызды қағидаты азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен қарау болып табылады. Рухани келісім күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында Есіл ауданының дін қызметкерлерінің шақырылуымен дөңгелек үстел өтті. Оның мақсаты – елдің одан әрі бейбіт және табысты дамуы үшін Қазақстанның көпұлтты халқының рухани құндылықтарын нығайту. Дөңгелек үстелдің қатысушылары қоғамдық-гуманитарлық пәндердің оқытушылары мен колледж студенттері қатысты. Біздің қоғамды толғандыратын көптеген өзекті мәселелер бойынша пікірталастар өтті. Әдеп пен мораль, ар-ождан, ақыл мен адамгершілік мәселелері іс-шарада талқылауға негіз болды. Кейбір сұрақтарға Есіл ауданы Явленка ауылының мешіт имамы Ахметчеев Аскат Баходир-ұлы жауап берді.



Текст
Виртуальная приемная